Отбасылық кітап оқудың маңызы
Отбасылық кітап оқудың маңызы
Білімді ұрпақ,егеменді елдің берік тірегі. Тәуелсіз еліміздің өркениетті әлемге танытатын,дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш- білім және білімді ұрпақ.
Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз,балалар ,шамнан шырақ жағылар»,-деп ойдағыны көргендікпен болжаған.Мұңдағы «шамы» тұңғиық терең білім ,ғылым болса керек.Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың жинақталар жері кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.
Кітап біздің рухани құндылығымыз,теңдесі жоқ байлығымыз.Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін «тарихты да,әдебиетті де,басқа ғылым кереметтерін кітап арқылы білеміз»
«Кітап –білім бұлағы ,білім –өмір шырағы »бұл сөзде оқуға деген рухани азық жөнінде көп ойларды тоқуға болса ,Майлықожа ақынымыздың «Әлемге толса көкірегің –ашылар көзі сананың»деген даналық сөзінің астарында қаншама мән жатыр.
Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып ,ұлттық рухты сіңіру ,сондай –ақ ана тілі мен әдебиетін ,тарихымен өнерін қастерлеп ,халықтың салт –дәстүрін аялай ,артақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.Кітаптың ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие ,үлгі –өнеге алады.Кітап біздің рухани жан азығымыз.Жан –жақты білім мен тәрбие берер орталықтардың бірі-мектеп кітапханасы.Балалардың кішкентай кезінен кітапқа ,сүйіспеншілігін арттыру –біздің міндетіміз.
Көркем әдебиет балаларды неге үйретеді?: