Хабарландыру » СШ №42 им.Кашаганова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2022

Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімінің №42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектебінде тәлімгер (жүктілікке  және бала тууға демалысқа шыққан қызметкердің) уақытша бос тұрған  1 бірлік лауазымына конкурс жариялайды. Жалақы мөлшері 100.000 – 120.000теңге. 22желтоқсан -30желтоқсан  аралығында  құжаттар қабылданады.
Байланыс телефоны: 7-83-05; 87754981018
Лауазымдық міндеттері: Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қызметінің дамуына ықпал жасайды. Балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің  бағдарламаларын  жасауға көмектеседі, олардың қызметінің мазмұны мен түрлерін жаңартуға ықпал етеді. Балалар мен жеткіншектердің бастамасын, жас ерекшеліктеріне сәйкес  қызығушылықтарымен қажеттілігін ескере отырып, жұмысын жоспарлайды. Ұжымдық-шығармашылық қызметті ұйымдастырады. Білім беру ұйымдарының педагогикалық  ұжымының  өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық  ұйымдармен, оқушылардың  ата-аналарымен  немесе оларды  ауыстырушылармен тығыз байланысты жұмыс істейді.
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейіні бойынша  жоғары және  жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім. Жұмыс өтіліне талаптар  қойылмайды. Жұмыста озық педагогикалық тәжірбиені қолдануға тиіс.
1. Конкурска қатысу туралы өтініш.
2. Жеке басын куәландыратын құжат.
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс-парағы нақты  тұрғылықты мекен жайы мен байланыс телефондары.
4. Білімі туралы құжат.
5. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 жылғы  4 қарашада №21579 болып тіркелген. 
7. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог сарапшының,  педагог- зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10.  11 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтың  бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы