ЫСТЫҚ ТАМАҚ » СШ №42 им.Кашаганова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
октябрь
2022

ЫСТЫҚ ТАМАҚ


Мектептегі тамақтандыру жұмысының жүргізу ережелері





Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданы білім бөлімі №42 Е.Қашағанова атындағы орта мектепте 2022-2023 оқу жылында  тегін ыстық  тамақпен 160 оқушы тамақтанады. Ата-ана баласының қандай тағам жегенін біліп отырады.

Елімізде мектеп жасындағы балалар арасында ас қорыту жүйесі ауруларының көбейгеніне назар аударған жөн. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 21,5 пайызы, яғни әрбір бесінші жас жеткіншек артық салмақтың зардабын тартып отыр. Оның бәрі дұрыс тамақтанбағаннан туындап отырған мәселе екенін мамандар алға тартады.

Сондай-ақ, мектепте тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттың енгізілгеніне екі жыл болса да, ол туралы оқушы да ата-ана білмеуі мүмкін. Төрт апталық ас мәзірі туралы не білеміз? Әуелі өзгерістерді шолып өтейік.

– Тамақтанудың нормативтік-құқығы бойынша жаңа қағида әзірленген. Жаңа мемлекеттік-жекешелік әріптестік ұғымы енгізілді. Мектептер тамақтану қызметін мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы ала алады. Яғни, мектеп басшысы өнім берушімен ұзақ мерзімге келісім-шартқа отырады. 


Заң бойынша тегін тамақ мұқтаждарға беріледі

Олар:

  1. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасы балаларына;
  2. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз отбасы балаларына (қыркүйек айындағы ең төменгі күнкөріс деңгейі – 28 690 теңге);
  3. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, қорғаншы отбасыларда тұратын балаларға;
  4. Төтенше жағдайлардың салдарынан зардап шегіп, қиын жағдайда қалып, шұғыл көмек қажет отбасы балаларына;
  5. Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге санаттарына жататындығын растайтын құжаттары дайын болса, бюджет есебінен тегін тамақтана алады


«Бекітемін»

                                                                                                                          №42Е.Қашағанов КММ диекторы:

                                                                                                            Баайгелова Ғ.С.____________

                                                                                                            2022ж «___»   _____________


2022-2023оқу жылында №42Е.Қашағанов атындағы орта мектебінің білім алушыларын ыстық тамақтандыруды ұйымдастрыу  бойынша    іс-шаралар жоспары

Іс-шаралар

Орындау мерзімдері

жауаптылар

Аяқтау нысаны

1

2

3

4

5

1

Білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру туралы бұйрық шығару

2 қыркүйекке дейін

Мектеп директоры:

Байгелова Ғ.С.

ДТЖО Сулейман Г.Ж

Іс-жүргізуші;

Дүйсен Ж.

Әлеуметтік педагог: Карашанова Н.А.

Бұйрық

2

 Санитарлық қағидаларының орындалуын қамтамасыз ету

Жыл бойы

Тамақтануға жауапты өндіріс меңгерушісі.


Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б

Есеп

3

Оқушыларды тамақтандыру кестесін бекіту.


Жылына 2рет

Әлеуметтік педагог Карашанова Н.А.

Кесте

4

Мәзірдің сақталуын ұйымдастыру


Үнемі

Тамақтануға жауапты

Бақылау 

5

Аз қамтылған отбасынан шыққан 1-11 сынып оқушылары үшін ыстық     тамақтануды ұйымдастыру

Жыл бойы

Тамақтануға жауапты

Әлеуметтік педагог Карашанова Н.А.

Бұйрық, тізім бекіту.

6

Тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау

Жыл бойы

Тамақтануға жауапты 

Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б


Бақылау

7

Саламатты тамақтану бойынша санитарлық – ағатушылық жұмысты жүзеге асыру

Жыл бойы

Сынып жетекшілер

Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б

Тәрбие сағаттары

Лекция сабақтары

8

Саламатты тамақтану күнін өткізу

қазан

Әлеуметтік педагог Карашанова Н.А.

Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б

Ақпарат

9

Диретордың қатысумен өтетін 

жиналыста,ата-аналар жиналыстарында;Қамқоршылық кеңес     отырысында оқушыларды тамқтандыру мәселелерін қарастыру

 Оқу жылы бойы

Әлеуметтік педагог Карашанова Н.А.


Тамақтандыру ұйымының жай- күйі туралы анықтамалар

10

Әкімшіліктің мұғалімдердің асханадағы кезекшілігін ұйымдастыру

Үнемі

Сулейман Г.Ж

Кезекшілік кестесі

11

Азық- түлік салуды бақылау  және дайын өнімді татып көру

күнделікті

Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б

Журналдарды уақытында толтыру

12

Стендке мектеп директоры бекіткен апталық мәзірді

Аптасына 1рет

Өндіріс меңгерушісі

Мәзір бекіту

13

Тамақтандыу бойынша сәйкес құжаттаманы жүргізу

Үнемі

Әлеуметтік педагог Карашанова Н.А.

Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б.

Табель жасау


Журналдар жүргізу

14

Су ішу режимін  сақтау

Үнемі

Сулейман Г.Ж

Карашанова Н.А

Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б

Бұйрық

15

Тамақ ішкен сайын ылғалды тазалау жүргізу

Тамақтану кестесіне сәйекес

Мектеп мейірбикесі.

Абишева С.Б.

Бақылау

16

«Аспаз бұрышы» стендін безендіру

5 қыркүйекке дейін

Әлеуметтік педагог Карашанова Н.А.


Стенд

                                  ДТЖО                  Сулейман Г.Ж

             Әлеуметтік педагог:                     Карашанова Н.А.

                Мектеп медбиексі:                     Абишева С.Б.

І-ауысым бойынша тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылардың тамақтану кестесі

Уақыты

сыныбы

Бала саны

1

10:05-10:20

2сабақтан

1а-7.1ә-9

2а-10,2ә-7, 2б-12

3а-11,3ә – 9

4а-13,4ә-13

91

2

11:55-12:10

4 сабақтан

5а-7, 5ә-6, 6а-3, 6ә -13 

7а-8,7ә-6,8а-6,8ә-3

9а-3, 9ә-3, 10- 3

69
















Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы,Қордай ауданы білім бөлімі №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі



«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Байгелова Ғ.С____________

«____»    ___________2022ж



     2022-2023 оқу жылындағы мектеп асханасындағы кезекшілік кестесі

                                                      І – ауысым


Кезекші мұғалімнің аты-жөні

Лауазымы

Кезекші күнер және уақыты

Міндеттері

Ауысым

1

Сүлейман Гүлзира

Рыскелді Гулжихан


Аскарова Толқын

ДТІЖО

Бастауыш пән мұғалімі

Лобарант

Дүйсенбі

9.45-10.00

10.05-10.20

11.55-12.10

Қоңырау кезінде оқушылардың

Тамақтануына бақылау жасау

І

2

Жуманова Аиса

Оңалбаева Айгүл


Тынықова Айгүл

Психолог

Бастауыш пән мұғалімі

Лобарант

Сейсенбі

9.45-10.00

10.05-10.20

11.55-12.10

Қоңырау кезінде оқушылардың

Тамақтануына бақылау жасау

І

3

Карашанова Нургуль

Ахметкаримова Рая

Көшербаева Гүлсара

Әлеуметтік

педагог

мат.мұғалім


Бастауыш пән мұғалімі


Сәрсенбі

9.45-10.00

10.05-10.20

11.55-12.10

Қоңырау кезінде оқушылардың

Тамақтануына бақылау жасау

І

4

Қарабекова Гуля

Айтжанова Айнур


Қаңтарбаева Рзагүл

ДҚІЖО

Бастауыш пән мұғалімі

Лобарант 

Бейсенбі

9.45-10.00

10.05-10.20

11.55-12.10

Қоңырау кезінде оқушылардың

Тамақтануына бақылау жасау

І

5

Тилеуова Закира

Агашева Эльмира 

Дюсенбаева Айгүл

Проферентолг

Ағылшын пән мұғалім

Лобарант

Жұма

9.45-10.00

10.05-10.20

11.55-12.10

Қоңырау кезінде оқушылардың

Тамақтануына бақылау жасау

І




             Әлеуметтік педагог:                                     Карашанова Н.А.





Оларға бір реттік тамақтану нормасы бекітілген

– Онда баланың дене-бітіміне, жас ерекшелігіне байланысты қандай тағамнан, сусыннан қанша грамм ішіп-жеу керектігі жазылған. Мысал келтірер болсақ, 6-10 жас аралығындағы бала бір күнде 33 грамм жеміс шырынын, 4 грамм кисель ішуі керек. Ал, 1 грамм ғана жұмыртқа жейді. Мектеп оқушыларының таға­мында тұздың ұсынылған мөлшері күніне – 5 грамм немесе 1 шай қасықтан аспауы тиіс.

Осы сияқты басқа тағам түрлерінің тізімі жалғаса береді. Осының бәрін асхана қызметкерлері ескеріп, әрбір тағамды таразыға тартып, өлшеніп тұрады

Білім мекемелері мектепке екі апталық ас мәзірін жібергеннен кейін бір реттік тамақтану нормасына сәйкес әзірленеді. Тегін тамақтанатын оқушыларға осы мөлшер бойынша беріледі. Биылдан бастап ас мәзіріне сүзбе, жеміс-жидек, сүт өнімдері мен бал қосылған. Ал, ақылы түрде тағам сатып алатындар ата-ана есебінен болған соң, қалаған тағамын таңдайды.

2016 жылдан бастап мектепте тағам рационы бойынша бірыңғай стандарт енгізілген

Барлық мектепте бір күнде бірдей тамақ әзірленеді. Жаз бен күз айларына, қыс пен көктем айларына арналған төрт апталық ас мәзірі көрсетілген. Оны мына сілтеме арқылы біле аласыз.
















Тыйымды жүзеге асыру қиын

Жылда  мектеп асханасында оқушылардың денсаулығына зиянды тағамдарды сатуға тыйым салынып тұрса да дегенмен, балалар мектеп сыртындағы дүкеннен сатып алып жүр.

– "Білім беру нысандарына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық Ережесінің 119 тармағына сәйкес, газдалған сусындар, пицца, сосиска сияқты арзан әрі сапасы төмен тағамдарды беруге рұқсат етілмейді, – дейді бала құқықтары және халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы.


Аталған өнімдер мектеп қабырғасында сатылса ше?

Ондай жағдайда не істеу керек? 

– Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мамандар күнделікті тексеру жүргізуі мүмкін емес. Сондықтан, егер мектеп асханаларында немесе буфеттерінде сатуға тыйым салынған тамақ өнімдерінің сатылу фактілері анықталса, жергілікті аумақтық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларына жазбаша түрде өтініш жіберуге болады.

Сосын ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелерінде өтініш тіркелгеннен кейін жоспардан тыс тексеру жүргізу арқылы шешіледі.

Тексеру жүргізудің басталатыны туралы кемінде күнтiзбелiк отыз күн бұрын айтылу керек

– Осы аралықта заңды тұлғаның басшысына немесе оның уәкілетті адамына, жеке тұлғаға жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi. Жарты жылда 1 рет, яғни жылына 2 рет тексеріс болады. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мамандары тексеру жүргізу мектеп асханаларынан алынған тағам өнімінің сапасын анықтау үшін микробиологиялық және санитариялық-химиялық зертханалық зерттеулер жүргізеді.

Аспаздық өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау жүргізіледі

Жоғарыда айтып өткеніміздей, маусымдық екі апталық мәзір жасалады. Мәзірді әзірлеу кезінде оқушылардың мектепте болу ұзақтығы, жас ерекшелігі ескеріледі, витаминді-минералдық кешенмен байытылған тағам өнімдері көзделеді.

– Мектеп асханаларында күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты адам тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасына органолептикалық бағалау жүргізеді. Бұл дегеніміз – тағамдардың және аспаздық өнімдердің сапасын мерзімдік бағалау. Яғни, күн сайын бракераж комиссиясы тағамдардың дәмін татып, нормалардың қаншалықты ескерілгенін тексереді. Олар кімдер?

  • Міндетті түрде медицина қызметкері;
  • Әкімшілік қызметкер;
  • Өндіріс меңгерушісі;
  • Ата-аналар комитетінің өкілі білім беру басшысының бұйрығымен Комиссияның мүшелері ретінде айқындалады.

Қорытындыларын органолептикалық бағалау журналына енгізеді. 


Похожие публикации:

23 январь 2023 Хабарландыру
11 январь 2023 Хабарландыру !
22 декабрь 2022 Хабарландыру