Әкімшілік » СШ №42 им.Кашаганова
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Қордай ауданы білім бөлімінің
"№42 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2022

Әкімшілік

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Қордай ауданы білім бөлімінің №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі КММ








Аудандық семинар


Тақырыбы: «Оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту»







Баяндамашы: Г.С.Байгелова







23 сәуір 2021 жыл

 1.«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында және атаулы даталы күндерге мектеп кітапханасында атқарылған іс-шаралар.

  Бүгінгі дамыған замандағы жастар мен кітапты байланыстыратын алтын көпір –кітапхана.  Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақты тәрбиелеп отырған мектеп дейтін болсақ, сол мектепте орналасқан кітапхана осы міндетті бірге атқарады. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында электронды дәуірдегі дәстүрлі кітапхананың ағартушы роліне тоқталып, мектеп кітапханаларында кітап қорына жаңартулар мен толықтырулар еңгізудің аса маңызды екенін атап айтқан. Осыған орай, мектеп кітапханаларын қайта жаңғырту мен оқушыларды кітап оқуға баулу мақсатындағы республикалық «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жұмысын бастады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы оқушылардың кітапқұмарлығын арттыруға бағытталған. Оқушылардың әртүрлі жанрдағы әдебиетті оқу арқылы кітап оқуға деген қызығушылығы қалыптасады. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында атаулы күндерге мектеп кітапханасында Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жыл алыбы- Жамбыл»  атты кітап көрмесімен таныстырылды. 5-10 сынып оқушылары «Тыңда, дала, Жамбылды» тізбектелген өлең оқыса, Ж.Жабаевтың 175 жылдығына орай ең үздік буктрейлер байқауына 7а сынып оқушысы Болатхан Назерке қатысты.

  Биылғы оқу жылына келіп түскен жаңа кітаптарға шолу жасалынып, кітап сүйер қауымға ұсынылды. «Ертегі еліне саяхат» тақырыбында оқушылардың оқыған ертегілеріне қысқаша эссе жаздырып отырылды. Оқушылар кейіпкерлерді суретпен бейнелеп салды. 9 а сынып оқушысы Бейбіт Меруерт «Оқуға құштар үздік мектеп» аудандық байқауына бейнежазбасы жіберіліп, нәтижесін күтудеміз. Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына орай «Кел балалар оқылық» кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Адалдық алаңы» кітап бұрышы жасалды. «Кітаппен дос боламыз» кітап көрмесімен, балалар жазушыларының кітаптарымен оқушыларды таныстырып отырдық. «Тәуелсіздіктің  30 жылдығына  орай – отыз кітап» жобасы аясында 6- сынып оқушысы Жұматай Аяулым бірнеше кітап сыйға тартты. «Оқуға құштар мектеп» жобасы өз жалғасын табуда. Атқарылған жұмыстар мектептің фейсбук, инстаграм парақшаларына салынған.

2. Оқушылардың білім алуындағы олқылықтарды жою және оларды жақсарту бағытындағы іс-шаралар.

№42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебі жыл басынан бері дәстүрлі түрде түгел мектепте оқиды. 

   Жыл басында  486  оқушымен бастап, ІІІ тоқсанды 475 оқушымен аяқтадық. 1,2 тоқсанның қорытындысы бойынша төмен сапа көрсеткен пәндер бойынша  жыл бойы қосымша сабақтар ұйымдастырылып, оқушылармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 9, 11 сыныптар үшін қосымша сабақтар ұйымдастырылған. Ал, ІІІ тоқсанның қорытындысы бойынша  9ә, 8а сыныптарында жалпы білім беретін негізгі пәндерден математика, физика, химия, биология, география, қазақ тілі, орыс тілі  пәндерінен және бастауыш сыныптардың  ағылшын және орыс тілі пәндерінен оқушылар білімінде олқылықтар анықталды.  Осы 9ә мен 8а сыныбы мектепішілік бақылауға алынды.   Бұл олқылықтарды жою мәселесі бойынша мектеп әкімшілінің қатысумен пән мұғалімдерімен нұсқаулық кеңес өткізілді. Кеңесте оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған іс-шаралар айтылды. Соның ішінен «Сенбілік мектеп» жұмысы айтылып, қосымша сабақтар кестесі бекітілуге ұсынылды. Барлық пән мұғалімдеріне нақты тапсырмалар берілді. Үлгерімі төмен оқушылармен өткізілетін қосымша сабақтар жоспарлары, қосымша оқытылуға тиісті оқушылардың тізімі құрылып, сабақ кестесі жасалынып, ілінді.  Бұл мәселе наурыз айында өткен мектептің педагогикалық кеңесінде қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.  Пәндерден алынған бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалаулардың қорытындылары бойынша талдау жүргізіліп, білім алушыларда туындаған қиындықтар анықталып, түзету жұмыстары жүргізіліп отырылды. Қорыта айтқанда,білім –әрбір оқушының бағындыратын шыңы. Шың биігіне жету жолында қандай қиыншылықтар кездессе, оқу,білімді меңгеруде де сондай қиыншылықтар кездеседі.Оны жеңілдету-ұстаздардың міндеті. 

3. Педагогтердің кәсіби біліктіліктерін арттыру бойынша жұмыстар.

Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов «Білім – біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік – сол білімді іске асыра білу дағдысы» - деп бекер айтпаған. Білім сапасын арттырудың кілті педагог қолында десек, оның білімін жетілдіруі басты рөль атқармақ. Мектебімізде педагогтерінің жалпы санынан жоғары кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесі:

Жалпы педагог саны-54

Жоғары білімі бар педагогтар саны-53 (98%)

Педагог-зерттеуші-11

Педагог сарапшы-20

Жоғары санат -1

Бірінші санатта-6

Екінші санатта-6

Жалпы саннан үлесі-81,4%

Педагог модератор-4

 Санатсыз-6  мұғалім бар. Биылғы оқу жылында көктемгі кезеңге 4 мұғалім педагог-модераторға, 7 мұғалім педагог-сарапшы, 3 мұғалім педагог-зерттеуші біліктілік санатына өтуге өтініш берді.

Мұғалімдердің 97%   өз пәні және жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 13 мұғалім деңгейлік курстан өтсе, тренерлік курстан -3 мұғалім, инкюзивті білім беру бойынша – 8 мұғалім, 1 мұғалім CLIL  технологиясы бойынша ағылшын тіліндегі курстан өтіп сертификатталды. 

    Педагогтердің  кәсіби білімін жетілдіру, мұғалімдердің шеберлігін арттыру, мектептегі білім беру сапасын жақсарту жұмыстары жолға қойылған. Педагогтердің  оқушыларды   оқыту  мен  тәрбиелеуде, оларды шығармашылық  әрекетке   баулуда  білім  беру   саласындағы  жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені  зерттеп,  жинақтап, таратуда, кәсіби  біліктілігі мен теориялық  білім   деңгейін  көтеру  ісінде   нақты әдістемелік  көмек  көрсету жұмыстары үздіксіз жүріп отырады. Мысалы: «Сындарлы білім берудегі оқушы білімін бағалау формалары» ақпараттық  семинар,   «Қалыптастырушы бағалаудың  түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады?»   коучинг,  «Сабақтарда ынталандыратын кері байланыстардың тиімділігі» панорамалық сабақ,   «Бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау»  бастауыш сынып, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану –математикалық бағыт бойынша шебер сыныптар,  «Ашық сұрақтарды сабақта қолданудың 5 тиімді түрі қандай?» шеберлік сынып,  «Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс тәсілдерді қалай тиімді пайдалануға болады?.» шебер сынып,   «Оқушылардың бірін-бірі оқытуын қалай жүзеге асырар едіңіз?». коучинг,  «Заманауи сабаққа қойылатын талаптар және оларды жүзеге асыру жолдары»  вебинар: «Қоғамды заманауи дамыту кезеңінде тұлғаны қазақстандық патриоттық рухында тәрбиелеу» тақырыптарындағы түрлі семинарлар мен әдістемелік көмектер, коучингер, шебер сыныптар өткізілді. 

   Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа саласына жету мұғалімнің мейірімділігі мен білімі және шеберлігімен тығыз байланысты. 

4. Жетекші мектептермен бірлескен жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде.

   Мектебіміз жетекші №43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебіне қарайды. Жетекші мектеп «Білім беруде қолданылатын сандық технологияның тиімділігі», «Қашықтық оқудағы тиімді платформалармен жұмыс» тақырыптарындағы өткен онлайн режимдегі семинарларға қатысып, іс-тәжірибе алмастық. Осындай жетекші мектептен алған тәжірибеге сүйене отырып, сандық технологияны (Kahoot, Classrum тб.)  өз сабақтарымызда  қолданып келеміз. Жетекші мектеп ұйымдастырған барлық іс-шараларға қатысып отырамыз Оған дәлел серіктес мектептер арасында  екі жыл қатарынан аудандық семинар беріп, іс-тәжірибе тараттық. 2019-2020 оқу жылында «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары»  тақырыбында серіктес мектептерге аудандық семинар өткізіп, іс-тәжірибе тараттық. Осы оқу жылының қаңтар айында онлайн форматта серіктес мектептерге  арналған «Жаратылыстану- математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерінен бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сараптау»  тақырыбында аудандық  семинар өткіздік. 

Семинардың мақсаты: орта білім мазмұнынын жаңарту аясында критериалды  бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу және сабақта формативті бағалауды қолданудың тиімді жолдарын көрсете отырып, іс-тәжірибе алмасу және тарату. 

 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылуы және баллдық жүйенің өз іс-тәжірибемізде қолданудың маңыздылығын көрсетіп, тәжірибе алмастық. Сабақ үлгілерін тәжірибелі ұстаздар:  бастауыш сынып мұғалімі,  шығармашыл ұстаз Г.Ж. Рыскелді  әдебиеттік оқу пәні бойынша көлеңкелер еліндегі оқиға «Сатылған көлеңке», математика пәнінің мұғалімі                          Л.Ш. Тулегенова   алгебра   пәні бойынша «Тригонометриялық функциялар және олардың қасиеттері»,  тарих пәнінің мұғалімі  Н.А.Ашимтаева Қазақстан тарихы пәні бойынша  «Орталық Азия ұғымының тарихи және географиялық аспектілері» тақырыптарында панорамалық сабақ көрсетіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ұстаздар өз сабақтарында критериалды  бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу,  тапсырмаларға дескрипторлар үшін балл қою схемасын құрастыруды,   сабақта қолданылатын  формативті бағалау түрлері мен сипатын көрсетті.  

    Мектебімізде қараша айында өзін-өзі тану пәнінен   «Құндылықтар –өмір негізі», ақпан айында  онлайн форматта «ҰБТ алдындағы психологиялық диагностика», сәуір айында тарих пәнінен «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсын ұйымдастыру ерекшеліктері»   тақырыбындағы аудандық семинар- практикумдар өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Мұғалімдер түрлі білім беру платформаларының (Дарын онлайн, Білім Ленд, Күнделік kz ) материалдарын сабақтарында тиімді қолдану нәтижесінде сабаққа оқушылардың қызығушылығы артып,  білім сапасын жақсартуға септігін тигізді.   Мектебімізде бірнеше мұғалімнің сабақтары «You Tube» каналына салынған. Атап айтсақ, бастауыш сынып мұғалімі Г.Рыскелдінің  4-сынып әдебиеттік оқудан «Сатылған көлеңке»,  А.Оңалбаева 4-сынып қазақ тілінен «Негізгі және туынды зат есім», тарих пәнінің мұғалімі Н.Ашимтаеваның 9-сынып қазақстан тарихы   пәнінен «Қазақстан индустрияландыру жылдарында»,  6-сынып   «Ақ Орда»,  «Моғолстан»,  дүниежүзі тарихынан 6-сынып «Феодалдық қоғам қалай ұйымдасқан»,  өлкетанудан « Ұлттық мұражайға саяхат» сабақтары салынды.

5. 9,11–сынып оқушыларының қорытынды аттестаттауға дайындығына тоқталсам,  9,11 сыныптарды бітіруші оқушылар мемлекеттік қорытынды аттестаттау тапсырады. Ал 11 сыныпты бітірушілер жоғарғы оқу орына түсу үшін ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырады. Биылғы оқу жылында 9-сыныпты -41 оқушы, 11-сыныпты -14 оқушы аяқтамақшы. 11 –сыныпты бітіретін 14 оқушы  ҰБТ тапсыруға өтініш берді. Осыған орай бітіруші сыныптардың таңдау пәндері нақтыланып қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ға дайындық күндерінің кестесі шығарылып бекітілді.  Қорытынды аттестаттау мен ҰБТ-ге дайындық жүргізу үшін сынып жетекшілері, пән мұғалімдері және ата-аналармен, оқушылармен ақпараттық түсіндіру жұмыстары және кесте бойынша үнемі оқушылармен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Оқу жылының басынан бері сынама тестер алынып, нәтижелері директор жанындағы кеңесте талданды. Қаңтар айында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл-  53,4. Наурыз – сәуір айларында өткен ҰБТ қорытындысы бойынша орташа балл-67,7.                                                                                               2020-2021 оқу жылында 9-сыныптан 2 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер,  11-сыныптан 2 оқушы «Алтын белгіге», 1 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер болып отыр. Осы оқушылармен пән мұғалімдері тарапынан жеке жұмыстар ұйымдастырылған.  Короновирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдармен таныстыру жұмыстары  ата-аналар  жиналыстарында жүргізіліп отырылды. Үлгерім деңгейі төмен оқушылардың ата-аналарымен мектеп психолгтары жеке кеңестер өткізді. Оқушылардың  күнделікті сабаққа қатысуы қатаң қадағаланып отырылады.             

6. Педагогтар мен оқушылардың түрлі деңгейдегі байқаулар мен пән олимпиадаларға, іс-шараларға қамтылуы және нәтижелеріне тоқталсам, Елбасы Н.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деп мұғалімдер қауымына үлкен сенім, жауапкершілік артқан болатын. Мектебіміздің білікті ұстаздары мен білімді оқушылары көптеген байқаулар мен сайыстарға, олимпиадаларға қатысты.                                                                                                                                                                     Республикалық «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында өткен «Дала әуені» атты шығармашылық байқауына  Нурелова Мейрамкул қатысып,  алғыс хат алды.  «Ұлы даланың ұлы есімдері» атты облыстық байқауға Танабаева Гүлзат қатысып, ІІІ дәрежелі диплом,  «Үздік интерактивті оқу қызметі» тақырыбында өткен аудандық байқаудан Танабаева Гүлзат Бас жүлде алып, облыстық байқауға жолдама алды. Облыстық байқаудан ІІІ орын алып облыстық білім басқармасы басшысының дипломымен марапатталды. Аудандық байқаулар мен семинарларға қатысып 10 мұғалім мадақтамалар мен дипломдар алды.  «Қашықтықтан ҰБТ-ге психологиялық дайындық» тақырыбында  аудандық  семинар өткізіп,  А.Жуманова мен М.Меирханова алғыс хат алды.  «Екі ғылымның қиылысында» биология, химия мұғалімдеріне  арналған  халықаралық  интернет  олимпиадасынан М.Меирханова ІІІ дәрежелі диплом алды. ІІ Республикалық «Кемеңгер ұстаз»  олимпиадасынан 12 мұғалім, республикалық «Үздік педагог» олимпиадасынан 3 мұғалім,  «КІО» қашықтық олимпиадасының жүлдегері -2, «NIO» олимпиадасының жүлдегері -8, «ТIO» олимпиадасының жүлдегері -18, ПедСтарт, «Ұстаз тілегі»  қашықтық олимпиадаларына 9 аса мұғалімдеріміз қатысып, жүлделі орындарға ие болды.                      Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдарда 18 мұғалімнің мақалалары жарық көрсе,  «Ұстаз тілегі», «Зияткер», «Инфоурок» сайттарына 16 мұғалімнің сабақтары мен мақалалары жарияланды.

  Бастауыш сынып мұғалімі Г.Рыскелді ««Тілім барда айтылатын сөзім бар» тақырыбында,   мектепалды даярлық тобының мұғалімі «Сиқырлы саусақтар» тақырыбында  авторлық бағдарлама дайындау үстінде.

   Оқушылардың шығармашылық бағытындағы жұмыстары өз деңгейінде жүргізілуде. Мәселен оқушылардың зерттеу жұмыстары бойынша  байқауға          3-4 сынып оқушыларынан 6 оқушының жұмысы аудандық байқауға ұсынылды. 

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда оларды білім деңгейлеріне қарай, әрқайсысымен жекелеп жұмыс жүргізудің маңызы зор екенін педагогикалық  іс-тәжірибелері көрсеткендей.

   Халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық олимпиадалар мен байқауларға оқушылар қатысып, жүлделерге ие болуда.

Информатика пәнінен халықаралық «BEDRAS»-2020 байқауынан -4оқушы,                         республикалық «Ақбота» марафонынан - 28 оқушы , «Кенгуренок» байқауынан – 25 оқушы,  НИО қашықтық олимпиадаларға – 20 оқушы , ТИО қашықтық олимпиадаларға – 66 оқушы, «Ұстаз kz» олимпиадасынан -13 оқушы,   1-11 сынып оқушылары  қатысып, сертификатталып, ғылыми практикалық орталықтардың дипломдарын иеленді. Республикалық «Ұлы даланың жеті қыры» байқауынан –3 оқушы, аудандық «Абай әлемі» байқауынан 10-сынып оқушысы Доғдырбек Зарина, 9-11 сынып оқушылары арасындағы аудандық пәндік олимпиададан 3 оқушы: қазақ тілі пәнінен                11-сынып оқушысы Желеу Мадина ІІ орын, математика пәнінен 10-сынып оқушысы Рысдәулет Жансая ІІ орын, биология пәнінен 10-сынып оқушысы Доғдырбек Зарина ІІ орын,  5-6 сынып оқушылары арасындағы аудандық олимпиададан І дәрежелі дипломмен Ниетжан Айымжан, Тұрсынбек Аяжан, аудандық сурет байқауынан Жексебай Айғаным алғыс хат, ағылшын тілінен аудандық  «Менің арманымдағы ұстаз» эссе және шығарма байқауынан               10-сынып оқушысы Сағындық Нурила 3-орын, аудандық ғылыми жоба байқауынан 10-сынып оқушысы Серғазы Әсел І орын, аудандық «Күз еркесі байқауынан Серғазы Әсел алғыс хатпен, аудандық «Шәкіртіммен мақтанамын» онлайн өнер байқауынан 3 оқушы алғыс хатпен, аудандық «Тәуелсіздік тұғырым» шығарма байқауынан –2 оқушы: 4- сынып оқушылары Жексебай Айдана ІІ орын, Әкімғали Әбдуали 1- орын, аудандық «Шексіз шығармашылық» байқауынан -5 оқушы мадақтамамен, аудандық «Анашым, жұлдызымсың жарқыраған» шығарма байқауынан -2 оқушы: 4-сынып оқушысы Бидайқұл Нұрали 2- орын, 3-сынып оқушысы Артықбай Кәусар ІІІ орын алып мадақтамамен марапатталды.     Аудандық «Мұқағали оқулары» байқауынан 2 оқушы: 11- сынып оқушысы Алға Амина ән байқауынан  Бас жүлде, мәнерлеп оқу сайысынан Рысқан Аймарал ІІ орын, VІІ республикалық   «Ақберен» өнер байқауының аудандық кезеңінен 2 оқушы: 8 – сынып оқушысы Ерен Аслан «Ұлттық аспапта өнер көрсету» кезеңінен Бас жүлде, 11- сынып оқушысы Желеу Мадина «Ақындар мүшәйрасы» кезеңінен Бас жүлде алып, облысқа жолдама алды. Бұл жұмыстар әрі қарай оқу жылының аяғына дейін жалғасын табады.

Мектеп келешек ел басқарар, жер басқарар, елі мен халқын гүлдендірер,мейірін өсіріп,мәртебесін биіктетер, білімді де парасатты жандарды тәрбиелейтін киелі де қасиетті ұя. 

      Мектебіміздің оқу бөлмелері , дәліздері заман талабына безендендірілген.


Назарларыңызға рахмет!
















Похожие публикации:

14 декабрь 2020 Түлектер
02 декабрь 2020 Түлектер
07 декабрь 2020 Түлектер