"Жас ұлан" ұйымына 5"А,Ә" сынып оқушылары қабылданды
25 қазан Республика күніне орай «Жас ұлан» ұйымына қабылдау өткізілді.Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық қоғамдық бірлестігіЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Қазақстан Республикасы балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ұйымы болып табылады. «Жас Ұлан» - өскелең ұрпақты жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар, гуманистік, толеранттылық пен демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптастыратын ұйым.
«Жас ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
«Жас ұлан» ұйымына қабылдау кезінде мектебіміздің директоры Байгелова Галия Сатыбалдықызы құттықтау сөз сөйледі. 5 «А», «Ә» сынып оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданды. Қабылдау кезінде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының Ұланбасы Несіпбек Аяулым жас ұланға қабылданған балаларға ізгі ниетін білдірді. 11 сынып оқушылары галстук оқушыларға тақты. Қабылдау рәсімінен кейін кішігірім мерекелік іс-шара өткізілді.