Іс -шаралар
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектеп
Анықтама
« Ана тілім –асыл қазынам» атты кітап көрмесі жасалды.Көрмеге төрт дана кітаптар қойылды.Нақыл сөздер,буклет қойылды.
250 оқушы кітап көрмесімен таныстырылды.
Кітапханашы : Нұраханова Қ.А
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектеп
Бір күндік акция
Кенен ауылы №42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінде
«Бір кітап –бір сынып »акциясы өтті.
Акцияның мақсаты:мектеп кітапхана қорын әдеби кітаптармен толықтырып отыру.
Бұл акцияға мектептің мұғалімдері,оқушылары қатысты.
Кітапхана қоры екі дана кітаппен толықтырылды.Мектебіміздің оқушысы Мұхадин Алима
«Плаха » кітабын мектеп кітапханасына сыйға тартты.
Кітапханашы: Нұраханова Қ.А
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектеп
Анықтама
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында өздері оқыған әдеби немесе ертегі кітаптарынан қойылым қою.Осыған орай «Қаршақыз» ертегісінен 3 сынып оқушылары көріністерін қойды.0-1 сынып оқушыларына ертегі көрінісі қатты ұнады.Оқушылар қызыға тамашалады.
Кітапханашы : Нұраханова Қ.А
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектеп
Анықтама
№ 42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында мектеп кітапхана қорына жаңадан келіп түскен әдеби кітаптарға кітап көрмесі жасалынды. «Жаңа келген кітаптар» кітап көрмесімен ұстаздар мен оқушылар танысты.
Кітапханашы : Нұраханова Қ.А
Отбасылық кітап оқудың маңызы
Білімді ұрпақ,егеменді елдің берік тірегі. Тәуелсіз еліміздің өркениетті әлемге танытатын,дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш- білім және білімді ұрпақ.
Ұстаздардың ұстазы Ыбырай Алтынсарин атамыз: «Оқысаңыз,балалар ,шамнан шырақ жағылар»,-деп ойдағыны көргендікпен болжаған.Мұңдағы «шамы» тұңғиық терең білім ,ғылым болса керек.Осынау білім деген шамның жарқырай түсуі үшін кітаптың жинақталар жері кітапхананың қашанда тұғыры биік болуы тиіс.
Кітап біздің рухани құндылығымыз,теңдесі жоқ байлығымыз.Өткен замандардың тұңғиық тереңінен сыр шертетін «тарихты да,әдебиетті де,басқа ғылым кереметтерін кітап арқылы білеміз»
«Кітап –білім бұлағы ,білім –өмір шырағы »бұл сөзде оқуға деген рухани азық жөнінде көп ойларды тоқуға болса ,Майлықожа ақынымыздың «Әлемге толса көкірегің –ашылар көзі сананың»деген даналық сөзінің астарында қаншама мән жатыр.
Жас ұрпақтың санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып ,ұлттық рухты сіңіру ,сондай –ақ ана тілі мен әдебиетін ,тарихымен өнерін қастерлеп ,халықтың салт –дәстүрін аялай ,артақтай білуге тәрбиелеу кітаптың еншісінде.Кітаптың ақыл-кеңес,тәлім-тәрбие ,үлгі –өнеге алады.Кітап біздің рухани жан азығымыз.Жан –жақты білім мен тәрбие берер орталықтардың бірі-мектеп кітапханасы.Балалардың кішкентай кезінен кітапқа ,сүйіспеншілігін арттыру –біздің міндетіміз.
Көркем әдебиет балаларды неге үйретеді?:
Ата –аналар сіздерді отбасылық кітап оқуға шақырамын.Балаларыңызбен бірге кітап оқып талдап ,түсінік айтуға ұл қыздарымызды тәрбиелеу.Болашақта балаларымыздың әдеби кітапқа деген қызығушылығын арттыру.Тіл байлықтарын байытып ,кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектеп
Анықтама
№ 42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында мектеп кітапханасында бес минуттық дауыстап кітап оқу өткізілді.
Әсіресе үзіліс кезінде ,бастауыш сынып оқушылары оқыған әдеби кітаптарын дауыстап ,буынға бөліп оқып береді.
Кітапханашы : Нұраханова Қ.А
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектеп
Анықтама
№ 42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында мектеп кітапханасында 20 минуттық кітап оқу өткізілді.
Әсіресе үзіліс кезінде ,бастауыш сынып оқушылары әдеби,ертегі кітаптарын құлшына таласа оқиды.
Мөлдір бұлақ,Балдырған,Бала би жұрналдарын оқып, жұрналдың ішіндегі сөз жұмбақтарды шешіп отырады.
Кітапханашы : Нұраханова Қ.А
№ 42 Екейбай Қашағанов атындағы орта мектеп
Анықтама
№ 42 Е.Қашағанов атындағы орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп »жобасы аясында Қысқы демалыс кезінде таза ауада әдеби кітаптарды оқып, өз пікірлерімен бөлісіп отырды.Оқушыларға қыста таза ауада кітап оқып қана қоймай, таза ауа денсаулыққа пайдалы екендерін де түсінді.Сондықтан оқушылар кітап оқуға көпшілік қауымға ұсыныс білдірді.
Кітапханашы : Нұраханова Қ.А