» » Судағы қауіпсіздік

 
 
 

Судағы қауіпсіздік

Автор: admin от 29-06-2018, 08:18, посмотрело: 246

1 Суға шомылу маусымы: қауіпсіздік ережелері

Жаз мезгілінде жиі шомылып тұрған - денсаулыққа өте пайдалы. Өйткені, бұл уақытты тиімді өткізуден бөлек, ағзаңыздың сау әрі қалыпты жұмыс істеуіне оң әсерін тигізеді. Суға шомылу, күннің көзіне қыздырыну адамды сергек етеді және жұмысқа қабілетіңді арттырады. Алайда, қарапайым ережелерді сақтамасақ, бақытсыз жағдайларға тап болуымыз мүмкін. Суға түсу кезінде көбінесе балалар, ішімдік ішкен адамдар ғана емес, денсаулығы мықты жүзу білетін адамдар да қайғылы жағдайға тап болады. Ал мұндай жағдайда дер кезінде, тез және дұрыс шешім қабылдай білу керек. Әйтпегенде, шомылу маусымында, жағымсыз статистикалар санының артып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан қарапайым ережелерді сақтап, өзіңізді де жақындарыңызды да сақтаңыз !

Суға шомылатын арнайы орынды дұрыс таңдай біліңіз.
Суға түсуге болмайтын белгіден аспаңыз, тыйым салынған жерлерге шомылмаңыз және суда жүрген моторлы кемелерге жақын жүзбеңіз. Бұл сіздің өміріңізге өте қауіпті.
Ата-аналар балаларға қамқорлық жасап, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау керек!
Ішімдік ішкен жағдайда суға түсуге болмайды!

Тыйым салынады:
Жүрек ауруымен ауыратын адамдарға суға түсуге, өйткені суға түсу кезінде қосымша қорқыныштар пайда болады;
Қатты толқын кезінде суға түсу;
Үлкендердің қарауынсыз балаларды суға шомылуға жібермеу;
Камерадан басқа талапқа сай келмейтін құралдармен суға түспеу;
Салқын суда ұзақ болмау, суда ұзақ болу денені салқындатады;
Қауіпті жағдай туралы хабар естігенде суда болмау;
Дәрігердің шешімінсіз су астына сүңгумен айналыспау.

Суда балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Үлкендер білуі керек:
Суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырмау;
Суға түсуге болмайтын жерлерге шомылмау.

Демалатын жерлерде мына талаптар орындалу керек:
Балалар шомылатын су жағажайларының топырақты болуы. Су қоймасының түбі бірте-бірте еңіс тартып, 1,5 метр тереңдікте су түбі тастардан, басқа да заттардан таза болуы. Суға түсуді үйреніп жүрген мектепке дейінгі балалар үшін арнайы орын бөлініп (тереңдігі 0,7 метрден аспау керек), қауіпті жерлер арнайы тростармен белгіленуі керек. Су жағажайларының тереңдігі 1,5 метрге дейін болғанда 12 жас және одан үлкен жақсы жүзе алатын балаларды жіберуге болады. Балалардың қасында міндетті түрде суда жақсы жүзе алатын үлкендер болу керек.

Есте сақтаңыздар!
Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі болып азаматтардың судағы қаупсіздік ережелерін дөрекі бұзуынан немесе оны білмеулерінен болып табылады.
Судағы негізгі қауіпсіздік ережелерін оқыңыздар және есте сақтаңыздар:
• тек жабдықталған жағажайлар мен басқа да шомылуға арналған орындарда, ресми рұқсаты және құтқару қызметі бар жерлерде шомылыңыздар;
• жүзе білмей белдеріңізден жоғары келетін суға кірмеңіздер;
• шомылу кезінде бір біріңізді көзден таса қылмаңыздар;
• жағадан алыс, қойылған белгіден ары жүзіп кетпеңіздер;
• жүзе білмей, дөңгелекті, үрлемелі матрасты пайдаланбаңыздар;
• жүзіп келе жатқан катерлер мен қайықтарға жақындамаңыздар;
• қайықтан, көпірден және кеме аялдайтын орыннан суға секірмеңіздер;
• суға көп шомылмаңыздар, аса тоңып және шаршап қалуларыңыз мүмкін;
• түнгі уақытта және мас күйлеріңізде суға шомылмаңыздар;
Құрметті ата-аналар, мұғалімдер!
Балаларды қатаң бақылаңыздар, оларды үлкендердің бақылаунсыз қалдырмаңыздар. Балаларға тек арнайы жабдықталған орындар мен жерлерде үлкендердің қадағалауымен ғана шомылуға рұқсат етіңіздер. Балаларға үрлемелі матрастармен, камералармен, тақтайлармен, үрлемелі ойыншықтармен жүзуге қатаң тиым салынады. Оларды жағадан жел немесе ағын алысқа алып кетуі мүмкін, ал бұл көмек көрсетуге қиындық туғызады.
Шомылу кезінде абай бол.

- Суға шомылғанда тек жабдықталған жағажайларда және басқа арнайы шомылуға бөлінген орындарда шомылыңыздар ;
- Жүзе білмей тұрып, беліңізден жоғары келетін суға түспеңіз ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
- Қатаң түрде балаларды үлкендердің қарауынсыз су қоймаларының жағалауында қалдырмаңыздар;
- Балаларға үрлемелі матрацтармен,камералармен,тақтайлармен,үрлемелі ойыншықтармен жүзуге тыиым салынады.

ШОМЫЛУ КЕЗІНДЕ
-Ескертпе белгілерден ары жағадан алысқа жүзіп кетпеңіздер.
- түнгі уақытта, алкогольдік ішімдік ішкенен кейін суға шомылмаңыздар;
- Қайықтан,катерден, суда жүзетін велосипедтен, жағадағы кеме аялайтын орыннан,көпірден және белгісіз орындарда суға секірмеңіздер.
-Суда қауіпті жағдайлар туғызбаңыздар.

Азаматтар! Суда абай болыңыздар! Судағы қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтаңыздар, сонда су жағасындағы демалыс қайғылы болмайды.
Естеріңізде болсын! Егерде Сізбен қауіпті жағдай төнсе, Сізге көмек қажет болса «112» Құтқару қызметінің телефон номерін теріп алыңыздар.

Категория: Ата-аналарға

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
28 июня 2019 04:18

Trevorzepsy

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
Игра Фермер Симулятор давно стала популярной, по этому предлогаем попробовать в неё по играть. В игре можно покупать разную технику: трактора, машины, комбайны, прицепы и другой с/х инвентарь. Есть много техники популярных мировых производителей. А еще, есть возможность устанавливать моды (дополнения), которые добавят в игру новую технику. Достаточно только скачать мод, установить его и можно покупать установленную технику.
https://farming-mods.com/index/skachat_farming_simulator_2019/0-40
Если вам понравится можно скачать моды что бы улучшить вашу ферму
https://farming-mods.com/load/farming_simulator_2019/72
Или скачать новые карты которые больше и красивей
https://farming-mods.com/load/farming_simulator_2017/50
Заходим и выбираем у нас на сайте
https://farming-mods.com/load/farming_simulator_2019/drugie_mody/shejdery_v2_0/9
1-1-0-2556