» Материалы за Май 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары

Автор: admin от 14-05-2019, 23:25, посмотрело: 236

10

Суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шаралары 

Жас балалардың суға шомыла білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері, шараларын орындамауы орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін, төмендегі ережелерді орындаған жөн:

I.Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары
-Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
-Тамақ ішкеннен кейін бірден шомылмаңыз.
-Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
-Өте ұзақ шомылмаңыз, өзіңізді шаршауға және тоңып қалтырауға дейін жеткізбеңіз.
-Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
-Қоршау белгілерінен, буйлардан тысқары аумаққа шықпаңыз.
-Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар.

II.Көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық сулардашомылудың қауіптері
Өзендер мен көлдерде, тоғандарда, тоқтау сулар мен шалшық суларда шомылудың қауіпі мол, себебі инфекциялық аурулардың қоздырғыштары ағын суда: Іш-сүзегі 183 тәулік, дизентерия 12-92, оба 4-92, туляремия 7-31, бруцеллез 4-45 тәулікке дейін өмір сүреді.

III.Аяқ-қол тырысуы (судорога) болғанда сіздің іс-әрекетіңіз
Суық суда шомылу қол-аяқтың тырысып қалуына әкеліп соғады.
-егер тырысу болғанда жүзуді тоқтатып суға арқаңызбен шалқалай жатыңыз, сабырлық сақтаңыз.
-Қолыңыздың саусақтары тырысып қалғанда жұдырығыңызды түйіңіз, қолыңызды бір жаққа қарай серпе лақтырып, жұдырығыңызды ашыңыз.
-Балтыр бұлшық еті тырысқанда бүгіліп қолыңызбен аяғыңыздың басын қысып бар күшіңізбен өзіңізге қарай тартыңыз, немесе аяғыңызды судың астына созып, аяғыңыздың бармақтарын алға иіңіз. Содан соң балтырыңызды сылаңыз.
-Тырысу қойысымен тынығып алып, жүзудің басқа әдісімен жағаға шығыңыз.

 

IV. Су иірімінен шығудың тәсілдері
-Егер иірімге тап болсаңыз, кеудені кере дем алып, иірімнің астына сүңгіңіз.
-Судың астында иірімнен алысырақ кетуге тырысыңыз.
-Иірімнен алыстаған соң судың бетіне қайта шығып жағаға қарай жүзіңіз.

V.Суда қатты шаршаған кездегі іс-әрекет
Суда ұзақ шомылу шаршап - шалдығуға әкеліп соғады.
-Егер суда шарашасаңыз немесе тоңсаңыз тез арада жағаға қайтыңыз. Сабыр сақтаңыз.
-Әлсін - әлсін шалқалай жатып дем алыңыз, күшіңізді үнемдеңіз, өзіңізді және уақытты бақылау үшін, жаймен дауыстап санаңыз.
-Егер өз күшіңізбен жағаға жете алмайтыныңызды сезінсеңіз шалқалай жатып қолыңызды бұлғап көмекке шақырыңыз.

VI.Суық судың қауіптілігі
Суық суға түсіп кеткен адам 10-30 минутта көбіне суық өтіп қайтысболады (5-7С 2-ші дәрежелі гипотерамия). 5-15 минут қимылсыздық суықтан талуға (шок) және өлімге әкеліп соғады. Суық судан шығарылып, аман қалғанның өзінде жиі-жиі есін,

 


Категория: ---